Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.11.2023
Қала тұрғындарына жеткенге дейін суымыз бірнеше тазарту, бақылау кезеңінен өткізіледі. Ең бастысы, пайдаланатын ауыз су қауіпсіз және таза болуы маңызды. Тіршілік нәрінің сапасын тиісті мамандар қадағалайды.
Қалаға жеткізілетін
судың негізгі бөлігі, яғни 90%-ы, қала маңындағы Ақбай-Қарасу су қабылдағышында
өндіріледі. Ай сайын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің аккредиттелген
зертхана мамандары су қабылдағыштан бірнеше сынама алады. Бұл шаралар «20.02.2023
жылғы №26 санитарлық ережелер» нормативтік-құқықтық құжат негізінде іске асады.
Біздің суымыз ең
дәмді, таза су. Оның құрамында адам ағзасына аса қажетті, пайдалы
микроэлементтер баршылық. Дегенмен, ұңғымадан көтергеннен кейін су
зарарсыздандыру станциясы арқылы өткізіледі. Себебі құбыр арқылы
тасымалданғанда зиянды микроорганизмдер қалмауы
керек.
Қалалық тарату
желісіне енгеннен кейін де судың сапасын бақылау жұмыстары ары қарай жалғасады.
Ол күнделікті жүргізіледі, су сынамалары қоғамдық орындардан: мектептер, балабақшалар,
қоғамдық моншалар және басқа да жерлерден алынады.
Шымкентте күн сайын
су сынамасы алынатын 121 бақылау нүктесі бар. Судың құрамы органолептика
бойынша да тексеріліп, зиянды бактериялар мен микроорганизмдердің болуы
зерттеледі. Су сапасын Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі де
тексереді.
Шымкенттің суы
Қазақстандағы ең дәмді су деп бекер айтылмайды. Дегенмен, оның санитарлық
қауіпсіздігін мұқият бақылау талабы күн тәртібінен түскен емес. Кәсіпорынның
зертханасы бұл жұмысты асқан жауапкершілікпен істеуде.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты