Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.11.2023
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында Шымкентте су
құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі міндет - инженерлік коммуникациялардың тозуын азайту. Қараша айында Төлеби және Сарбаздар көшелерінде жұмыс басталды, кәріз желісін жаңартуды мердігер мекеме "Береке-Бетон" ЖШС-і жүргізуде.
"Қазақстан халқына Жолдауында, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тарифті инвестицияға айырбастау" мемлекеттік бағдарламасы аясында коммуналдық желілердің тозуын 15% - ға төмендету қажеттігін атап өтті. Осы мақсаттарға қол
жеткізу үшін ҚР
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментімен және Шымкент қаласы әкімдігімен келісе отырып, "су ресурстары-Маркетинг" ЖШС 2023-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама әзірледі. Оның аясында Төле би
көшесіндегі № 29,
31,33,35 және Сарбаздар көшесіндегі №7 үйлердегі кәріз желісін жаңарту жүргізілуде",
- деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің күрделі құрылыс және сатып алу бөлімінің бастығы Бақтияр Қыдырбаев.
Диаметрі
150 миллиметр болатын ескі кәріз желілері 1976 жылы салынған, олардың тозуы 100% құрайды. Жоба шеңберінде диаметрі 200 миллиметрге дейін ұлғайта отырып, 500 метр су
бұру желілері ауыстырылатын болады. Жұмыстарды
толық аяқтау 2024 жылы жоспарланып отыр.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты