Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.11.2023
"Гидролизный" кентінде кәріз желілерін
реконструкциялау
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-ң алдында тұрған
стратегиялық міндеттердің бірі - "Инвестициялардың орнына тариф"
бағдарламасы шеңберінде су құбыры және кәріз желілерінің тозуын 15% - ға
төмендетуді қамтамасыз ету. Бұл әсіресе кәсіпорынның балансында тұрған
дренаждық желілерге қатысты. Олардың тозуы шамамен 77%-ды құрайды. Сондықтан,
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында
кәріз желілерін қайта құру және жаңарту - жұмыстары жүргізілуде. Қараша айында реконструкция
жұмыстары;- «Южный» шағын ауданындағы Тайманұлы көшесінде басталды. Мұндағы
ескі коллектор, 1974 жылы салынған, қазіргі таңда толығымен тозған.
"Қазіргі уақытта" Шебер-2 " ЖШС мердігерлік
ұйымы Тайманұлы көшесіндегі ескі коллекторды ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.
Биыл біз диаметрі 300 миллиметр болатын 200 метр желіні ауыстыруды жоспарлап
отырмыз. Жалпы, жоба бойынша 1200 қума метр коллекторды ауыстыру жоспарлануда,
оның ішінде 550 метрінің диаметрі 300 миллиметрлік, тағы 550 метрінің диаметрі
200 миллиметрлік және 100 метрінің диаметрі 100
миллиметрлік", - деді мердігер ұйым директорының орынбасары Ержан
Сүлейменов.
"Гидролизный" шағын ауданындағы 1 шақырым кәріз
желісін ауыстыру 2024 жылы толық аяқталады деп, жоспарлануда.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты