Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.11.2023
Жастардың қарым-қабілеті мен мүмкіндіктерін кеңейту
Қазақстан жастары
үшін бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көптеген мемлекеттік
бағдарламалар әзірленген. Жас отбасыларға арналған баспана бағдарламалары да
бар. Бірақ бұл маңызды тұстарды көпшілігі толыққанды біле бермейді. "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де М. Әуезов атындағы ОҚУ оқытушысы Хамида
Әліпхановамен кездесу өтті. Ол кәсіпорынның жас мамандарына бизнес-жаттықтырушы
ретінде бірқатар ұсыныстарын айтып, қазіргі мүмкіндіктер туралы баяндады. Кездесуде көтерілген барлық өзекті сұрақтарға
жауап берді.
Хамида
Әріпханова М. Әуезов атындағы ОҚУ
оқытушысы, бизнес-тренер
"Кездесу жақсы өтті. Кәсіпкерлік және инвестиция
тақырыптары бойынша әңгіме қозғалды. Қазір көптеген интернет-алаяқтар көбейді,
олар өздерін инвестициялық қорлардың қызметкерлері ретінде таныстырады, кездесуде
соларға қарсы қандай әрекет жасауға болатынын да қарастырдық. Жастар өз
бизнесін дамытуға және грант алуға қатысты сұрақтарын қойды. Жас отбасыларға тұрғын үй, жалға берілетін
баспана алу бағдарламалары да сөз болды".
барлық дауыс: 5158
дауыс мұрағаты