Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.11.2023
Үй
ішіндегі су және кәріз желілерін қадағалап отырыңыздар!
Құрметті көпқабатты үй тұрғындары!
Үйлеріңізде өзін-өзі
басқару органдарын құрып, үйішілік инженерлік желілерге қызмет көрсететін
компаниялармен келісімшарт түзсеңіз, кез-келген қиындықтардың алдын алуға
болады. Елшібек батыр көшесіндегі жағдай - осыған нақты дәлел. Бұл үйде
тұрғындар мүлік меншігі иелерінің бірлестігін құрмаған, жәй серіктестікке де
тіркелмеген. Яғни, ешбір мекеме, ұйымдармен су құбырлары мен кәріз желілері бойынша
сервистік қызмет көрсету туралы шарт түзілмеген. Үйдің жертөлесінда су аққанын
ешкім байқамаған, жағдай тым кеш анықталған.
23 қараша күні кешкісін
Еңбекші аудандық су арнасының диспетчерлік қызметіне Елшібек батыр көшесіндегі
көппәтерлі үйден хабарлама түседі. Жеке кәсіпкердің желісінен аққан су
жертөлеге жиналған. Апатты жөндеу бригадасы бұл жерге 40 минут ішінде келген.
Олар ұңғымада клапанның істен шыққанын, жылу трассасының ескі шахтасы арқылы су
үйдің жертөлесіне құйылғанын анықтады. Апатты бригада су құбыры желісін дереу өшірген.
Егер де үй тұрғындары су және кәріз желілеріне қызмет көрсету жөніндегі
пайдалану ұйымдарымен келісім-шарт түзген болса, су кету жағдайын бірден анықтауға
болар еді.
Анықтама: "Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстау
қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 Бұйрығы, 22-тармақта көрсетілгендей, "кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды сервистік қызмет субъектісі мүлік
иелері бірлестігінің төрағасы немесе жай серіктестіктің сенім білдірген тұлғасы
немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы, я болмаса Басқарушы компания мен
сервистік қызмет субъектісі арасында бір жылдан аспайтын мерзімге жасалған келісім-шарт
негізінде жүзеге асырады".
Бүгінгі таңда, Шымкентте
2 421 көпқабатты үй бар, олардың тек 121-інде ғана мүлік иелерінің бірлестіктері (ОСИ) тіркелген.
Яғни, көпқабатты үйлердің басым көпшілігінде сервистік компаниялармен
келісімшарттар түзілмеген, олар ішкі-инженерлік желілердің техникалық жай-күйін
қадағалап, үйішілік су құбырлары мен кәріз жүйелеріне қызмет көрсетуі, оларға
жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуі, инженерлік коммуникациялардағы ақаулар мен
өзгерістерді анықтауы тиіс. Шымкенттегі көпқабатты үйлердің көбінің ішкі жүйесі
тозығы жеткенін, жаңалауды қажет ететінін ескерсек, келесңсіз жәйттердің
болмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты