Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.12.2023
Су желілерін қысқы суыққа дайындауға немқұрайлы қарамаңыз!
Құрметті сумен қамту және кәріз
жүйесі
қызметін тұтынушылар! Қысқы маусымға
үйішілік
су және кәріз жүйесін дайындауды қатаң бақылаңыздар!
Көпқабатты үйлердің тұрғындарынан, үй төрағаларынан
және мүлік иелері бірлестіктерінің басшыларынан кіреберісті әйнектеуді, сыртқы есіктердің жай-күйін, жертөле
үй-жайларының
оқшаулануын тексеруді сұраймыз! Қысқы маусымға көпқабатты тұрғын үйлердің (КТҮ) дайын болмауы салдарынан 2023 жылғы қаңтарда қаладағы 252 көп қабатты үйлерде үйішілік су құбыры жүйесі қатып қалған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, "көпқабатты тұрғын үй
тұтынушыларына арналған ереженің" №35 тармағына сәйкес, тұрғындар су құбыры және кәріз
желілерін тиісті техникалық талаптарды
орындауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұтастығын
қамтамасыз етуге, сумен жабдықтау және су бұру желілерін қысқы кезеңге дайындауға қатысты шараларды қолға алуға жауапты.
Дилерлік ұйымдардың мамандары көпқабатты үйлердің
тұрғындары арасында қыс маусымына
дайындық
жүргізу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дегенмен, қазіргі уақытта біраз
үйлердің дәліздерінде, кіреберістерінде әйнектері қойылмаған, кіреберістерде
есіктері
жабылмайды, Шымкент қаласындағы
33 көп қабатты
үйлерде жертөле, үй-жайлары оқшауланбаған(осы үйлердің барлығында, 2023
жылғы қаңтар айында
үй ішілік су құбырлары
қатып қалған болатын).
Бұл үйлерде меншік иелерінің бірлестіктері, жеке серіктестік сияқты өзін-өзі
басқару органдары құрылып,
тіркелмеген. Бұл өз кезегінде, үйлерді қысқа дайындауға кері әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, уәкілетті
мемлекеттік органдардан үйішілік су құбыры желілеріндегі проблемалардың алдын
алу үшін, көпқабатты тұрғын үйлерді қыс миаусымына дайындау барысын қатаң бақылауды
сұраймыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты