Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.12.2023
Әбдіразақов көшесінде кәріз жүйесін жаңарту жұмыстары
басталды
Әбдіразақов
көшесінде кәріз желісін қайта құру басталды. Оның барысында Артельная көшесіндегі желі де жаңартылатын
болады. Жалпы, "Шебер-2" ЖШС мердігер мекемесі 1400 қарышты метрлік
құбырдың диаметрін 100 миллиметрге кеңейтпек. Жаңарту жұмыстары "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында
жүргізілуде. Бұл аумақтағы дренаж жүйесі 1981 жылы салынған, әбден тозығы
жеткен. Кәріз желісі апатты күйде деуге болады.
Жұмыс басталар
алдын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің күрделі құрылыс және сатып
алу бөлімінің мамандары аудан тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жүргізді. Олар
кәріз желісін қайта құру қажеттігін, оның себептерін түсіндірді. Жобамен,
құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Нысан мерзімі ауыспалы - су бұру
жүйесін жаңарту толығымен 2024 жылы аяқталады. Естеріңізге сала кетейік,
Шымкентте кәріз желілерінің тозу деңгейі - 77% құрайды. Бұл - Қазақстандағы
жоғары көрсеткіштердің бірі. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы
аясында кәсіпорын басшылығы бұл көрсеткішті 55% - ға дейін төмендетуді
жоспарлап отыр.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты