Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.12.2023
Тікелей эфирдегі
байланысқа шығыңыздар!
2023 жылғы 5
желтоқсан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы
бойынша департаменті ұйымдастырған кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Қала
тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунты арқылы
коммуналды қызмет көрсету барысына қатысты сұрақтарын қойды.
Іс-шараға
коммуналды қызмет көрсетушілердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері
қатысты, модератор ТМРА Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Кенжеболат
Көшекбаев болды.
Қоғамдық қабылдау
барысында Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметі, тарифтік саясат
және "тарифті инвестицияға айырбастау" мемлекеттік бағдарламасы
туралы мәліметтер айтылды. Осы бағдарлама шеңберінде "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС
және "Қуатжылуэнергоорталық-3" МКК теңгеріміндегі инженерлік
желілерді реконструкциялауды және жаңарту жұмыстарын қолға алған. Тікелей эфир
барысында бұл бағытта тұтынушылардан сұрақтар мен өтініштер түскен жоқ.
"Су ресурстары-маркетинг"
ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаса, кәсіпорынның Facebook және Instagram
әлеуметтік желілеріндегі аккаунттары арқылы хабарласуыңызға болады немесе
сауалдарды Whatsapp-қа: +77057581111 нөміріне жаза аласыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты