русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 06.12.2023

Мамандардың біліктілігін анықтау конкурсы дәстүрге айналды

«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-інде дәстүрлі «Кәсіпорын болашағы» конкурсы басталды. Қатысуға ниет білдірген 23 қызметкер алғашқы кезеңде – тестілеуден өтті. Тест сұрақтары жақында ғана пайдалануға берілген «500 сұрақ - 500 жауап» атты үштілде жарық көрген техникалық анықтамалық  негізінде дайындалған. Қатысушылар 1 сағат ішінде 45 сауалға жауап беруі керек болатын. Алғашқы 5-10 минут ішінде тест сұрақтарына жауап беріп, тапсырғандар да болды. Конкурстың келесі кезеңі алдағы аптада өтеді. Тестілеуден жақсы нәтиже көрсеткен мамандар әңгімелесу кезеңіне қатысады. Онда сынақ комиссиясының басшылығы мен мүшелері әр қатысушыға жеке дара сауалдарын қойып, біліктілік деңгейін анықтайды. Дәстүрлі конкурстың басты мақсаты – кәсіпорын мамандарының біліктілік деңгейін анықтау және кадрлық резерв сапасын арттыру, алдағы уақытта білікті мамандардың қызметтік жоғарылауына мүмкіндік туғызу.       

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары