русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 07.12.2023

Аязды күндер күтілуде! Су желілерін қысқы суыққа дайындаңыз.

Жақын күндері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағында қатты суық болады деген болжам хабарланды. Осыған байланысты, қала тұрғындарынан сумен қамту және кәріз желілерін тексеріп, суыққа дайындауды сұраймыз.

Көп қабатты үйлердің тұрғындары, үй комитеттерінің төрағалары және мүлік иелері бірлестігінің басшылары, үйлеріңіздің кіреберісіндегі әйнектерді, кіреберіс есіктерін бүтіндеп, жертөлелердегі желілердің оқшауланғанын тексеріңіз! Кемшіліктер болса, шұғыл ретке келтіріңіздер!

Естеріңізге сала кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің қысқы маусымға тиісті деңгейде дайын болмауы салдарынан 2023 жылғы қаңтар айындағы суықта 252 үйдің су құбыры желілері қатып қалып, әбігерге түсті. Жеке сектор тұрғындары да су құбырларының аязға дайындығын бақылауы керек. Сыртта және жылытылмайтын бөлмелерде жүргізілген құбырларды оқшаулап, ораған дұрыс. Суару жүйелерінен суды төгіп тастаңыз, оларды тазартып қойыңыз. Үй ішіндегі желілерді де оқшаулап, алдын-ала дайындыққа мән беріңіз!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары