Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.12.2023
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де аязды күндерге дайындықты пысықтауда
Арнайы өткен
жиында
кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман құрылымдық пайдалану бөлімшелерінің
басшыларына қысқы маусымға дайындықты тағы бір тексеруді тапсырды. Су тарату құрылғыларының, сорғы
жабдықтарының жұмысын, су құбыры желілеріндегі жабдықтар мен механизмдердің
жарамдылығын, су өлшегіштер орналасқан тораптар мен құдықтарды қайта тексеріп,
орап, оқшауланғанын бақылау қажеттігі сөз болды. Қаланы сумен қамту тәулік бойы
және үздіксіз жүзеге асырылуы үшін бәрі де бақылауда болуы тиіс.
Дилерлік
учаскелердің басшылары проблемалары бар көпқабатты үйлердің тұрғындарымен тағы
да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жертөленің, үй-жайлардың оқшаулануын,
кіреберістердегі терезелер мен есіктерді түгелдеп, жарамдылығын тағы бір тексеруі қажет.
Синоптиктердің
болжамына сүйенсек, алдағы күндері Шымкентте ауа температурасы -15С-қа күрт
төмендеуі мүмкін. Осыны естеріңізге саламыз. Өкінішке қарай, қаладағы кейбір
көпқабатты үйлер қатты аязға дайын емес. Үй комитеттерінің төрағаларынан және көппәтерлі
үй тұрғындарынан қысқы суыққа дайындыққа немқұрайлы қарамауын сұранамыз, бар
кемшіліктерді жою керектігін ескертеміз!
Естеріңізге сала
кетейік, "көпқабатты тұрғын үйлердегі тұтынушыларға арналған ереженің"
№35 тармағына сәйкес, тұрғындар су құбыры және кәріз желілерін тиісті
техникалық жағдайда ұстауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің түгелдігін
қамтамасыз етуге, желілерді қысқы маусымға дайындауға жауапты.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты