Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 10.12.2023
Дилерлік компаниялар үйлерді қысқы суыққа дайындауға
көмектесіп жатыр
Қаладағы Отырар
шағынауданында қаңтардағы суықта 10 шақты үйдің ішкі желісі – су құбырлары
қатып қалған болатын. Сол кезде біраз әбігерге түскен тұрғындар жаздыгүні
үйішілік желілерді: су, жылу құбырларын толығымен өз күшімен жаңартып алған.
Жақын күндері ауа температурасы күрт төмендейді деген болжамды естіп, су
өлшегіш тораптарын оқшаулап, жылытуға кіріскен. Бұл ретте тұрғындарға «Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС дилерлік компания мамандары көмектесуде. Арнайы
материалдарды алып келіп, үйдегі әр кіреберістегі тораптарды қымтады.
Мұстафа Ахметбекұлы төменгі Отырар шағынауданы, №11 үй
басшысы
((Былтыр
біздің үйдің құбырлары қатып қалды. Біраз қиналдық. Биыл сондай жағдай болмауы
үшін қыстың қамын ойлап, қамданып жатырмыз. Өзімізге сақтық шараларын қолданып
жатырмыз. Мына Водоканалдың жігіттеріне рақмет. Келіп, барлығын тексеріп, біраз
жерін түгелдеп, көмектесіп жатыр. Күн жылыда үйішілік жүйені толығымен
ауыстырып алдық)).
Жертөлелердің
терезелерін бекітіп, кіреберістердегі есік, терезені түгелдеу жұмыстары 11
шағынауданда да қолға алынды. Уәлиханов көшесі бойындағы бірнеше үй тұрғындары
да өткен қыста уақтылы дайындалмай қиналған еді. Бұл жолы олар да өткеннен
сабақ алып, жан-жағын қымтауға көшті.
Жалпы, қалада 40-50
жыл бұрын пайдалануға берілген көппәтерлі үйлердің дерлігінде ішкі жүйелердің
тозығы жетіп тұрғаны рас. Мүлік меншігінің иелері бірлестігін тіркеп, өзін-өзі
басқаруды қолға алған үйлерде жағдай қалыпты, түзеле бастаған. Ал осыған
немқұрайлы қарайтындар көп. Түсінгісі келмей жүрген тұрғындар заң талаптарына
қайшы әрекет етіп жүргенін түсінбейді. Одан тек өздері әлі талай қиналатыны
анық.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты