Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.12.2023
Аязға дайындық
тиісті деңгейде емес!
Шымкенттегі кейбір
көпқабатты үйлердің тұрғындары қыс маусымына дайын болмай шықты, олар синоптиктердің
болжамына да елеген жоқ. 12 желтоқсан күні таңертең "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне екі тұтынушы пәтерінде
судың жоқтығын айтып шағымданды. Үйішілік су желілері суыққа қатып қалған. Пайдалану
учаскелерінің мамандары оны бірден анықтады.
Проблеманың бірі -
18 шағынаудандағы №1 үйде болған. Бірінші қабаттағы пәтерде су құбыры қатып қалыпты.
Себебі айдан анық – үйдің кіреберісінде есік жабылмаған. Слесарьлар жүйені
жылытып, жарты сағатта суды қайта қосты. Тұрғындар есікті қымтап жауып,
оқшаулау керектігін енді түсінді
Володарский көшесі
бойындағы 1А үйдің бірінші қабатындағы пәтерде де су құбыры қатып қалған. Мұнда
да кіреберістегі есік те, терезе де салынбаған, ашық-шашық күйде қалып кеткен. Пәтер иесі құбырды жылытып, су қайта ақты.
Көпқабатты үй
тұрғындарына кіреберістер мен жертөлелерді оқшаулау, кіреберіс есіктердің
жарамдылығын тексеру қажеттігі талай рет ескертілді. Тағы да еске саламыз. Аяз қатты
болса, үйішілік желілер оқшауланбаған болса, бірден қатады. Сумен қамтуды
қалпына келтіру уақытты алады және айтарлықтай ресурстарды қажет етеді. Ең
алдымен, тұрғындардың өзі әбігерге түседі. Сондықтан уақытты жоғалтпай, су
желілеріне мұқият қараңыздар!
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты