русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 14.12.2023

Қыстың алғашқы сынағы

Көптеген ескертулерге, алдын-ала БАҚ-да жарық көрген хабарландыру, түсіндірмеге Telegram чат-ботында(201 мың тұтынушы тіркелген) таратылған ақпараттарға қарамастан, көпқабатты үйлер мен жеке сектор тұрғындары су құбыры желілерін жылыту, оқшаулауға бей-жәй қарап, тиісті шаруаны қолға алған жоқ. Қыстың алғашқы суығы бәрін айқындап берді. Желтоқсанның 12-сінен 13-іне қараған түні "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне үйішілік және аулаішілік су желілерінің қатып қалғаны туралы хабарлама түсе бастады.

Жалпы, кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне ішкі су құбыры желілерінің қатып қалғаны, су ақпай қалғаны туралы 116 шағым түскен. Алдын ала жасалған талдау көрсеткендей, көпқабатты үйлердің кіреберістерінде терезелер мен есіктер жабылмаған. Жер үйлерде де жер бетіне жақын орналасқан және үй-жайларда жүргізілген, аула аумағында таяз төселген құбырлар жылытылмаған, оқшауланбаған. Көшелердегі құбырлардың кейбірі суыққа қатып қалғаны байқалды. Сумен қамтуды қалпына келтіру үшін мұндай үйлерде апатты бригадалар түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істеді. Естеріңізге сала кетейік, үй ішіндегі желінің жарамдылығы үшін тұрғындардың өзі жауапты. Яғни, су және кәріз желісін қысқы суыққа кешенді дайындауға міндетті.

"Су ресурстары-маркетинг" ЖШС мамандары жыл бойы қыс мезгіліне дайындалу қажеттігін ескертіп, көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы мәселені оңды шешуде жан-жақты қолдау және нәтиже болуы үшін тиісті хаттар бейінді мемлекеттік органдарға да жіберілді. Барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, дөңгелек үстел де өткізілді! Алайда, алғашқы аяз қажетті шаралардың тиісті деңгейде қабылданбағанын көрсетті. Мұның бірден-бір себебі - көпқабатты үйлерде өзін-өзі басқару органдарының құрылмағаны. Тұрғындар өз үйінің инфрақұрылымын сақтауға немқұрайлы қарайды, жауапкершілікті алғысы  келмейді. Қатты аяз болып, ішкі жүйелер қатып қалғанда ғана есіне түсіп, үйдің кіреберісін оқшаулауға кіріседі.

Қысқы суық енді басталды. Әлі де болса, уақытты босқа өткізбей су құбырларын, ішкі желілерді  суыққа дайындаңыздар!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары