русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 19.12.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не қытай құрылыс компаниясының басшысы Лю Синцзянь арнайы келді. Іс-сапардың мақсаты - қазақстандық кәсіпорынмен серіктестік қарым-қатынас орнату. Кездесу барысында тараптар жақын арада іске асатын бірлескен жобалар бойынша келіссөздер жүргізді.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директоры Анарбек Орман қонақтарды кәсіпорын жұмысымен таныстырып, тұтынушыларға көрсететін қызмет бойынша мағлұматтар берді. Қытай делегациясының өкілдері орталық диспетчерлік қызметінің жұмысын көрді. Мұнда қонақтарға өндірістік процестер, өндіріске цифрландыруды енгізу және қалалық желілермен су тарату бойынша толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, олар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мұражайына барып, кәсіпорынның өткен кезеңдеріне, тарихына қанықты.

Сапар соңында Қытай делегациясы Шымкент кәріз-тазарту құрылғылары кешеніне барды. Шайынды суды тазартудың толық циклімен егжей-тегжейлі танысты, жылдар бойы осы бағытта істелген жұмыстардың нәтижесін көрді, басшылармен өзекті саладағы жетістіктер туралы әңгімелесті. Лю Синцзян мырза көрген-білгеніне көңілі толып, іскерлік сапардың өзіне ұнағанын, өте танымды болғанын айтып, ризашылығын білдірді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары