Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.12.2023
Ұжымда еңбекті қорғау идеологиясы өте маңызды
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ергеш Ержан Ермаханұлымен кездесті. Басқосуда кәсіпорындардағы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы, техникалық қауіпсіздігі туралы сөз болды. Өңірде биылғы 10 ай ішінде бірқатар кәсіпорындар жалақыны уақтылы төлемегеніне қатысты 13 млн. теңгеден астам айыппұл төлеген. Олардың қатарында «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС жоқ және біздің кәсіпорын еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талаптар мен арнайы стандарттарға сай жүргізуді назардан тыс қалдырған емес.
Бауыржан Қалжановтың айтуынша, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі біршама дұрысталған. Әлеуметтік сала мамандары осы жиында кәсіпорын ұжымына Еңбекті қорғаудың идеологиясы: еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша әлеуметтік кепілдіктер туралы мәліметтер берді. Қойылған сауалдарға жауап берді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты