Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 20.12.2023
Аманат партиясының «Тұран» бастауыш филиалының мүшелері Тұран ауданының әкімімен кездесті
Кездесу еркін, ашық күйде өтті. «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің қызметкерлері қалада 2022 жылы құрылған Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбековтің жұмыс жоспарынан хабардар болды. Тағайындалғанына 2 апта ғана болған Берік Айдарұлы тұрғындардың шағымы мен ұсыныстарының әрбірін жіті қарап, бірінші кезекте сол мәселелердің шешілуін қадағалайтынын айтты. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелер – аудан аумағындағы елдімекендерді коммуналды қызмет түрлерімен толық қамтып, инфрақұрылымын реттеу. Жұмыстың сапалы болуын қадағалауды міндеті санайтынын жеткізді. Жақын күндері екі елдімекенге газ қосылды және Құрсай-1 шағынауданының тұрғындарына таза ауыз су қосу бойынша жұмыстар қолға алыныпты. Кабинетте отырып, тапсырма бергеннен гөрі, ауыл-аймақты аралап, жұмыстың басында жүргенді қалайтын әкім кәсіпорын мамандарының ұсыныстарын да тыңдады. Олардың негізгілері – аудандағы көпқабатты үйлердің ішкі жүйесін қайта құру, жөндеуге тұрғындардың өзі жауапты екенін түсіндіріп, өзін-өзі басқару органдарын құруды қолға алу. Себебі, үйішілік желілерді күзгі-қысқы маусымға дайындау деңгейі өте төмен. Ал, аудан әкімдіктері қысқа дайындық бойынша есеп бергенде барлық үйлердің жүйесі толық дайын деп есеп береді. Берік Әшірбеков бұл мәселені әкімдік жақсы білетінін және алдағы уақытта жұмысты жүйелеуге дайын екенін, қазірдің өзінде жоспар түзіліп жатқанын айтты.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
33.9%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
17.7%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
17.8%
БАҚ
14.2%
Басқа
15.9%
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты