новость от 25.12.2023
Кәсіпорын мен ЖОО арасындағы ғылыми-өндірістік және
кадрлық серіктестік жалғасын табады
М. Әуезов атындағы
ОҚУ-нің Аграрлық факультетінің 20 жылдығына арналған «Агроөнеркәсіп кешенін
инновациялық дамыту: тәжірибелер, проблемалар және шешу жолдары» атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысына қатысу үшін
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС басшылығы арнайы шақырылды. Оның өзіндік себебі
бар. Аталған ЖОО-ның Аграрлық факультеті біздің кәсіпорынмен тығыз байланыста:
факультетте «Су ресурстары, суды пайдалану» мамандығы бойынша білім алатын
студенттер біздің мекемеде өндірістік, тәжірибелік практикадан өтіп, түлектері
жұмыспен қамтылып келеді. Бүгінде кәсіпорында жұмыс істейтін ондаған мамандар
осы университет түлектері. Конференцияға республиканың әр өңірінен және Ресей,
Беларусь елдерінен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша, инновациялық дамытуды
қолдайтын және осы бағытта еңбек етіп жүрген ғалымдар қатысты. Университетінің 80 жылдығы аясында
ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында өңірді таза
ауыз сумен қамтып, су бұру саласында қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған «Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің бас директор орынбасары Бекжан Ешімбетов саладағы
ғылыми ізденістер мен кадрлық әлеуетті нығайту жолындағы серіктестік бойынша
сөз сөйлеп, кәсіпорын басшылығының құттықтауын жеткізді. ЖОО мен кәсіпорын
арасындағы серіктестік ары қарай да жалғаса беретініне сенім білдірді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты