Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.12.2023
Полициядан істі қатаң бақылауын сұраймыз!
2023 жылдың 28
желтоқсанына қараған түні Қызылсу және Стадион көшелері тұрғындарының жеке су
есептегіш құралдары ұрланды. Стадион көшесіне
түскен ұрылар су өлшегіштері бар торапты ашып, 4 құралды қолды еткен,
қалғандарын алып үлгермеген сыңайлы. Қызылсу көшесінде суды жауып, екі құдықшада
орналасқан 11 есептегішті бөлшектеп алып кеткен. Оқиға орнына шақырылған полицейлер алдын-ала
тергеу шараларын жүргізіп, фото және бейнетүсірілім жасаған, саусақ іздерін
түсірген.
Айта кетейік,
ұрланған есептегіш құралдарын пайдалану мүмкін емес, себебі олардың зауыттық
нөмірлері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің базасында есепке алынған.
Сарапшылар жезден жасалған су есептегіштері металл сынықтарын сатып алушыларға өткізілуі
мүмкін дейді. Ал ұрланған мүлікті сатып алуға барғандар қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты