русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.12.2023

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің мерекелік сыйлықтары

Жаңа жыл қарсаңында кәсіпорын ұжымы дәстүрге айналған іс-шараны қолға алды. Компания қолдау көрсетіп, демейтін бірқатар мектеп, білім ошақтарындағы балаларға сыйлықтар береді. Бірінші болып сыйлықтар Мәншүк Мәметова атындағы №35-ші мектеп оқушыларына жеткізілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіподақ ұйымы осы мектепте оқитын ерекше балаларға әр жылы арнайы келіп құттықтайды. Оқушылар аға әпкелерін асыға күтеді – алғысын айтып, концерттік бағдарламасын ұсынды.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығының тағы бір кішкентай достары - Забадам және Сәуле шағынауданының тұрғындары. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары да осы күні сыйлық алды. Жаңа жылдық тәттілерді оларға ауыл ақсақалдары үлестірді.

Жаңа жыл қарсаңында кәсіпорын қызметкерлерінің ұл-қыздары да назардан тыс қалмады. 14 жасқа дейінгі балалары бар әр қызметкерге кәсіподақ ұйымынан сыйлық берілді. Компания ұжымының тағы бір жақсы үрдісі іске асты - көпбалалы отбасыларға материалды көмек көрсетілді. Оған "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымы ерікті түрде жинаған қаражаты жұмсалды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары