русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 03.01.2024

Жеңімпаздар анықталды!

Жаңа жыл қарсаңында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-інде 2023 жылдың қорытындысы бойынша "Кәсіпорын болашағы" дәстүрлі байқауының жеңімпаздары анықталды. Тестілеу барысында ең көп ұпай жинаған қатысушылар әңгімелесу кезеңіне қатысты.

Конкурсқа барлығы 24 маман қатысса, ақтық сынаққа 13 үміткер өтті. Әңгімелесу барысында конкурсанттарға су құбыры және кәріз желілерін пайдалануға, инфрақұрылым бойынша қызмет көрсету жөніндегі регламенттерге, қауіпсіздік техникасына және т.б. тұстарға қатысты сұрақтар қойылды. Тестілеу және әңгімелесу кезеңдерінде де сумен жабдықтауға және су бұруға қатысты барлық бағыттар қамтылған "500 сұрақ – 500 жауап" техникалық анықтамалығының деректері бойынша сауалдар қойылды.

Қорытынды шығарылғаннан кейін емтихан комиссиясы "Кәсіпорын болашағы" байқауының нәтижелерін жариялады. Тестілеу және әңгімелесу кезеңдерінде ең көп ұпай жинаған "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің басшысы Дінмұхаммед Оңғар болды. Екінші орынды кәсіпорынның Орталық диспетчерлік қызметінің басшысы Арман Болатбеков иеленді. Үшінші орынға дилерлік учаске инженері Назым Шаяхметова ие болды. Үздік бестікке инженерлер Мақсат Әбішев пен Бақытжан Рысбеков те енді. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары беріліп, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің арнайы кадрлық резервіне алынды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары