Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.01.2024
Смартфонды дұрыс пайдаланыңыз
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасына келетін абоненттер саны бұрынғыға
қарағанда азайған. Таңқалуға болмайды, оның өзіндік себебі бар. Кәсіпорын тұтынушыларға
қызмет көрсетуде сандық құралдарды тиімді пайдалануға басымдық береді. Нәтижесі
жап-жақсы. Көп мәселелерді қашықтан анықтауға болады. Мысалы, жеделхат
мессенджеріндегі виртуалды көмекші (сілтемесі: wrm_bot). Оны пайдалану қиын
емес. Көпфункционалды: электронды түбіртек арқылы шоттағы балансты біліп
отырасыз және тиісті төлемді жасай бересіз. Тағы бір маңызды функциясы –
көрсеткіштерде қате кетсе, түзетуге болады.
Тұтынушы чат-боттан
өзінің ай сайын қанша су тұтынғанын және оның төлем көрсеткіштерін көре алады.
Егер бақылаушы- инспектор базаға суды есептеу құралының көрсеткіштерін дұрыс
енгізбеген болса, онда тұтынушы су өлшегішіінің суретін түсіріп, оны чат-ботқа
жіберуі керек. Біздің оператор аз уақыт ішінде қажетті түзетулерді енгізеді,
төлем құжаттарындағы деректер жаңартылады.
Кәсіпорынның
дилерлік учаскесіне немесе әкімшілігіне бұған дейін тұтынушылар келісімшартты қайта түзу және жылжымайтын
мүлік иесі ауысқанда құжатты қайта тіркетуге баратын. Қазір осының бәрін үйден
шықпай-ақ онлайн жасауға мүмкіндік бар. Уақытыңызды босқа кетірмейсіз. Сумен
қамту және шайынды су бойынша қызмет көрсетуге келісім-шартты қайта жасап,
дербес шотты қайта ресімдеуді "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-нің
ресми сайтын пайдаланған дұрыс(электронды мекенжайы: wrm.kz). Ең бастысы - ЭЦҚ
және дербес компьютеріңіз болса болғаны. Бүкіл процедура аз ғана уақытыңызды
алады.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты