Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.01.2024
Жаңа баспанаға су жүйесі қалай қосылады?
Жаңа баспанаға
көшкен азаматтарды дәл осы сұрақ мазалайтыны заңды. Ең бастысы, бәрін тиісті
талаптарға, ережелерге сәйкес істеген дұрыс! Сонда ешқандай проблема
туындамайды. Сонымен, жаңа үй салғандарға су желісін қосу жолын түсіндірейік.
Бірінші мәселе –
техникалық келісім-шарт қағазын алу қажет. Ол үшін сумен қамтушы мекеме -
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не келесіз. Жеке басты куәландыратын
құжатыңызды, жер теліміңіздің мемлекеттік актісін және жер телімі бойынша
үзінді көшірмені ала келуіңіз керек. Және egov.kz-тен меншік құқығын растайтын
анықтаманы ұмытпаңыз. Тағы бір маңызды құжат – учаскеңіздің топографиялық
түсірілімі. Себебі, кей учаскелердің астынан жерасты құбырлары өтуі мүмкін. Ал
құрылыс кезінде санитарлық қорғау жолағын сақтау аса маңызды, сондықтан, осы
түсірілім талап етіледі.
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің мамандары сізді тұтынушы ретінде желіге қосу
мүмкіндігінің бар-жоғын анықтайды. Техникалық келісім-шарт құжаты 5 жұмыс күні
ішінде дайындалады.
Келесі кезекте
абонент су желілеріне қосылу жобасын жасатуы тиіс (бұл құжат лицензияланған
жобалау мекемелерінде дайындалады) және заңды лицензиясы бар мердігер ұйыммен
құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы келісім түзілуі керек. Құрылыс-монтаждау
жұмыстарынан кейін сумен қамту кәсіпорны өкілдері гидравликалық сынақтар
(желінің сапасын пайдалануға дейін тексерген дұрыс) жасап, желіге су жіберіп
көреді. Егер бәрі ойдағыдай болса, абонент сертификатталған су есептегіш
құралын сатып алып, су өлшегіштер торабына орнатады.
Және соңғы талап -
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен келісім-шарт түзіп, суды пайдалану
үшін дербес шот ашасыз. Біздің мекенжайымыз: Орманов көшесі, 17 үй.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты