русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 08.01.2024

Экологияны жақсарту үшін!

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары Шымкент қаласының  кәріз-тазарту құрылғылары кешенінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын бастады. Жағымсыз иісті болдырмау және шөгінділердің артық мөлшерін барынша азайту үшін арнайы шығарылған микроорганизмдер осындағы өрімдерге салынуда. Кәсіпорын серіктестері әзірлеген регламент бойынша қатаң пропорцияда арнайы қоспа дайындалады. Дайын өнім шайынды суға екі жерден енгізіледі. Біріншісі, тазарту қондырғысы кешенінен шамамен екі шақырым жерде орналасқан, бұл диаметрі 2000 миллиметрлі магистральды коллектордың камерасы. Шайынды суға енгеннен кейін бактериялар және олардың 50-ге жуық түрі арнайы ерітіндіде геометриялық тұрғыда көбейе бастайды және жол бойы жағымсыз иіс шығаратын зиянды заттарды жояды. Ал, екінші нүкте аэротенктердің алдында шайынды суды биологиялық тазартудан өткізетін тарату ыдысында орналасқан.

СНХ   Замира Аширова  Кәріз тазарту кешенінің бас технологы

1.19 "Осының арқасында сарқынды суларды қайта өңдеу тиімділігі еселеп артады - жағымсыз иіс жойылады және қалдықтар саны 80% - ға азаяды".

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің басшылығы "Био-Ран" ЖШС-мен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу туралы уағдаласқан болатын. Бұл компанияның базасы Ұлыбританияда орналасқан. Микробиологиялық өнімді қолдана отырып, артық шөгінділерді зарарсыздандырудың заманауи экологиялық шешімдерімен айналысатын грекиялық коммерциялық топтың мүддесін білдіреді. "Био-Ран" компаниясы мамандарының айтуынша, дәл осы әдісті енгізу барысында жағымсыз иіс әлдеқайда азаяды.

СНХ   Нонна Алешкина «Био-Ран» ЖШС бас директоры

00.57 – 1.24. "Микроорганизмдерді қолданатын технологиялар артық шөгінділерді болдырмай шайынды суды тазартуға мүмкіндік береді. Микроорганизмдер бұл қоспаны тамақ ретінде қабылдайды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы алдағы 5 ай ішінде жүргізілетін пилоттық жобаға қатысуға ниетті екенін білдірді. Осы уақыт ішінде жұмысымыздың нәтижесі белгілі болады".

Арнайы микроорганизмдерді бір ай бойы қолданғаннан кейін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар алғашқы нәтижелерін бере бастайды, сол кезеңде ауадағы иіс тексеріліп, шайынды су құрамы талданады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары