русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 09.01.2024

Кері байланыс сапалы болуы үшін

Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қоғамдық қабылдау өткізуді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті биыл да жалғастырады. 2024 жылғы 9 қаңтар күні өткен тікелей эфирге табиғи монополиялар субъектілері, "AMANAT" партиясы филиалының, "Атамекен" ҚР ҰКП Кәсіпкерлер Палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Тұтынушылар коммуналды қызмет сапасына және осы салаға қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қоғамдық қабылдау барысында табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Абылайхан Кеңес Департаменттің 2023 жылы атқарған жұмысы туралы баяндады, ал табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері тұтынушылар тарапынан туындаған мәселелер бойынша түсініктеме берді. Ондайн режимдегі қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде, дәлірек айтқанда, әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі.

Жылдың алғашқы қоғамдық қабылдауында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не сұрақтар мен шағымдар түскен жоқ.

Егер де тұтынушылар тарапынан сауалдар туындаса, өз өтініштерін whatsapp арқылы да жолдай алады. Нөмірі +77057581111, немесе ұсыныс, сұрақтарды кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазуға да болады. Міндетті түрде жауап беріледі.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары