русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.01.2024

Шымкенттің жас волейболшылары – Қазақстан чемпионы!

Жаңа жылдың алғашқы аптасында, қаңтардың 3-і мен 11-і аралығында, Алматы қаласында 2007-2008 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті. Жарысқа Республика өңірлерінен 18 команда қатысты. Оның қорытындысы бойынша:

Шымкент қаласының жас волейболшылары 1-ші орынды жеңіп алды. 2-ші орынды - Павлодар облысы, 3-ші орынды Астаналықтар иеленді.

Ал, 2024 жылғы қаңтар айының 4-і мен 11-і аралығында республикалық қысқы чемпионат ойындары Қызылорда қаласында өтті. Оған 2005-2006 жылдары туған жасөспірім ұлдардан құрылған 6 өңірдің ең мықты командалары қатысты. Волейболдан өткен ел чемпионатында Шымкенттік жастар 1-ші орын алды. 2-ші орын Қызылордалықтарға, 3-ші орын Жамбыл облысының спортшыларына бұйырды.

Осы чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған жас спортшыларға Шымкент қаласының Волейбол спорты федерациясының президенті, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС бас директоры, спорт жанашыры Анарбек Орман қолдау көрсетіп, командаларға спорттық киімдер мен қажетті доптарын алып берді. Жеңімпаз спортшылар өз алғысын білдірді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары