Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.01.2024
Шымкенттің кәріз тазарту кешенінде техникалық аудитті
Польшадан келген мамандар жүргізуде
Кәріз-тазарту құрылғылар
кешені - күрделі жүйе. Жұмысы жүйелі болу үшін жоғары технологиялық жабдықтар, оны
сауатты пайдалана білу және, әрине, кәсіби, білікті мамандар қажет. Кешенді
жаңғырту процесіне алдын Польша елінің мамандары тартылған болатын. Шетелдік
серіктестер онлайн режимінде кешеннің жұмысын бақылап отырды. Қазіргі кезде де
әріптестер кешенде техникалық аудит жүргізуге кіріскен.
СНХ Кшиштов
Городецкий техникалық
аудит тобының жетекшісі
«Біз мұнда "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС-мен түзілген келісім-
шартқа сәйкес жұмыс істеп отырмыз. Мақсатымыз - тазарту кешенінде
техникалық және технологиялық аудит жүргізу. Кешенге негізгі жабдықтарды енгізіп,
нысанды жобалағаннан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Енді біз сол жабдықтың
қандай күйде екенін тексереміз, биогазды қайта өңдеудің жаңа технологияларын
және ағынды суды тазарту процестерін автоматтандыру мәселелерін ұсынбақпыз.
Аудиттің қорытындысын "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС Бас директорына баяндап, нәтижесін жариялаймыз».
Польша мамандары Қазақстанда тек "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен ғана емес, республикамыздың басқа қалаларындағы
су арналарымен де серіктесе жұмыс істейді. Су бұру, яғни кәріз жүйесі бойынша
да қызметі аясын кеңейтпек ниеті бар.
"Шымкент
қаласынан бөлек, Атырауда жұмыс істеп жатырмыз, онда да жобаны қолға алып, жабдықтарды
жеткізіп, кешенді іске қостық, Өскеменде де жұмыс істедік. Қазір біз Ақтөбе
қаласы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыспақпыз. Бұл жобаны
Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі қаржыландырады. Сондай-ақ, Астана
қаласының жобаларына да қатысамыз".
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты