русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 15.01.2024

Ағынды су камерасындағы бақылау

Қаладағы жер үйлердің септиктері мен шұқырларынан, кәсіпкерлік нысандарынан шығарылатын кәріз ағыны арнайы камераға жеткізіледі. Бұл қабылдау пункті әр күні таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Алаңда бейнебақылау орнатылған және автоматты шлагбаумдармен жабдықталған. Қалдықтар мен кәрізден ауаға жағымсыз иіс таралуын барынша шектеу үшін  ағынды суды коллекторға ағызатын жерді мүмкіндігінше герметикалық етуге тырысады. Ағынды суды тазарту кешеніне зиян келтіруі ықтимал улы қалдық ағынын анықтау үшін арнайы ас-машиналарға да зертханалық мониторинг жүргізіледі. Бұл алаңға күніне 70-80-ге жуық көлік келеді.

"Ағынды су төгілетін коллектор ашылды. Бүгінде мұнда бәрі жабық күйде. Шлагбаум орнатылған. Келген көліктердің барлығының нөмірлері бейнекамераға түседі, яғни тіркеледі деген сөз. Компьютерлік базаға ассенизатор туралы барлық деректер автоматты түрде түседі: яғни, көліктің келісімшарты бар ма, жоқ па. Және ол қандай қалдық тасымалдады, оны қайдан әкелді. Осы мәліметтің барлығы түгел бізде сақталады. Су төгетін камерада қызмет көрсететін операторлар арнайы сынама алады, оған зертханада талдау жасалады", - дейді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сынақ зертханасының басшысы Гүлжан Жауылбаева.

Тасымалданған ағынды су құрамында зиянды заттардың шекті концентрациясынан асып кету фактілері анықталса, актілер мен хаттама түзіледі. Талап бұзғаны үшін ассенизатор көлігінің жүргізушісі емес, ағынды су алынған нысан иесі жауап береді. Мұндай жәйттерге қатысты қатаң шара көріледі. Сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары кәсіпкерлерге өз өндірісінде кәріз ағынын алдын-ала тазарту үшін қажетті жергілікті тазарту құрылғыларын орнату қажеттігін ескертеді. Ал тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер нысандарын орталық кәріз желісіне қоспас бұрын май ұстағыштарды орнатуы керек. Осы талапты назарға алуын сұраймыз!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары