русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.01.2024

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС осыдан бірнеше жыл бұрын санитарлы-қорғау белдеуі (СҚБ) аймағында заңсыз құрылыс фактілерінің алдын алу, оны болдырмау мақсатында тексеруші-инспекторлар қызметін құрды. Олардың міндеті - магистральды су құбырлары мен үлкен диаметрлі кәріз коллекторларының, су құбыры шаруашылығының басқа да инженерлік коммуникациясы бойындағы СҚБ-дегі заң бұзушылықтын анықтау. Осындай фактілердің бірі қаланың солтүстік-батыс бөлігі арқылы өтетін диаметрі 1200 миллиметрлі кәріз желісінде анықталды. Осында орналасқан он шақты учаскенің иелері талаптарды ескермеген.

 «Біздің тексеруші-инспекторларымыз су құбыры мен кәріз желілері бойында санитарлы-қорғау белдеуінің шекарасын бұзған 2319 фактіні анықтады. Бұл материалдар кәсіпорынның заң бөліміне тапсырылды, сот және сотқа дейінгі талдаулар жүргізілуде. Осыған байланысты, қала тұрғындарына СҚБ аумағында құрылыс жүргізуге тыйым салынатынын ескертеміз! Мәселен, төтенше жағдайлар туындаса, желілерде жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізілетін кездерде мамандардың жұмыс істеуіне кедергі көп болады. Сондықтан, жер учаскесін сатып алғанда, ол жерге топографиялық түсірілім жасап, инженерлік коммуникациялар бар-жоғын анықтауды сұраймыз. Бұл туралы толық ақпаратты "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметінен алуға болады. Көмектесеміз", - дейді кәсіпорынның ОДҚ бас инженері Нұржігіт Әбдуаитов.

Қаладағы Октябрь көшесінде де санитарлы-қорғау жолағының бұзылу жағдайы анықталды. Енді құрылыс иесі инженерлі коммуникация мен нысанның арасындағы қауіпсіз қашықтықты қайта қалпына келтіруі тиіс.

СҚБ-н сақтау нормалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.02.2023 жылғы №26-шы "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және су нысандарының мәдени-тұрмыстық су пайдалану және қауіпсіздік орындарына қатысты  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» жөніндегі бұйрығында нақты жазылған. Бұл аймақ түрлі жағдайларға ыңғайлы болуы керек. Қызмет ұсынушының кез-келген техникасы қажет болған жағдайда емін-еркін кіріп, шығатындай мүмкіндік жасалуы тиіс.

Ескерте кетейік, су құбырлары мен үлкен диаметрлі кәріз желісінде санитарлы-қорғау жолағының талаптарын бұзу қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Абай болыңыздар!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары