русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.01.2024

Қазақстанда сумен қамту және кәріз қызметіне сараланған(дифференциалды) тарифті енгізу жоспарланып отыр

2024 жылы тұтыну көлеміне байланысты жеке тұлғалар үшін жоғары тарифтерді белгілеуде суды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Tengrinews.kz. корреспондентіне берген жауабында айтылған.

Комитеттегілер жаңа тарифтер коммуналды ресурстарды тұтыну мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді - дейді, ал олардың есебінен алынған қосымша табыс жабдықтарды реттеуге және ТКШ саласындағы міндеттерді шешуге жұмсалады. Жақында бұл ұсыныстар қоғамдық талқылауға жіберілмек.

"Тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу бойынша нормативті-құқықтық актілерге түзетулер мемлекеттік органдармен келісілуі үшін Әділет министрлігіне жіберілді", - деп мәлімдеді сала мамандары.

Мемлекеттік орган тұтынушылар үшін төрт деңгейлі тариф енгізу жоспарын айтып отыр. Сонымен қатар, суды оңды-солды пайдаланатын тұтынушылар үшін олар "неғұрлым көп тұтынсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз"қағидасы  бойынша қосымша коэффициент енгізуге ниетті.

Бүгінгі күні республика бойынша сумен қамту қызметінің орташа тарифі 1 текше метр үшін (ҚҚС-сыз) 137,29 теңгені құрайды, оның ішінде жеке тұлғалар үшін - 82,66 теңге,- деп нақтылады Комитетте. 2024 жылдан бастап бұл баға өседі.

Ресми органның жауабында Коммуналды инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған "тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру шеңберінде тарифті орта есеппен 10-20 пайызға ұлғайту жоспарланғаны да нақтыланған.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тарифке әр пәтерде (үйде) тұратын адамдардың нақты саны әсер ететінін ескертеді. Яғни, су мен кәріз қызметін тұтынушылар үйдегі тұрғындардың барлығын ресми тіркеп және осы деректерді сумен қамтушы мекемеге беруі керек.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары