Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.01.2024
Санитарлық-қорғау жолағы тазартылды
Тассай тұрғын
алабында су құбыры желілері бойында санитарлы-қорғау жолағын бұзып салынған
сауда үйі сүрілді. Бұл жерден екі магистральды құбыр өтеді, олар арқылы
Ақбай-Қарасу су қабылдағышынан Шымкентке ауыз су жеткізіледі. Құбырлардың
диаметрі 1200 және 800 миллиметр. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мен
дүкен иесі арасындағы сот процестері бірнеше жылға созылған еді.
" Мынаның астында диаметрі 800 миллиметр құбырда
тұрған. Құрылысты бұзу қажеттілігі туралы сот шешімі шықты. 2024 жылдың басында
бұл шешім толығымен орындалды, дүкен бұзылды, санитарлық-қорғау жолағы
босатылды", - деді Мамытжан Орынбаев,
Сауда үйінің иесі
Магистральды
құбырларда төтенше жағдай туындаса адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төнетіні
анық. Аталған нысанда қауіп сейілді. Бұл жағдай күрделі нысандарды салу кезінде
инженерлі коммуникацияларды, олардың қорғау белдеуін елемейтіндер үшін сабақ
болуы керек.
" Жібек жолы-Бабаш ұлы көшелерінің қиылысында
орналасқан күрделі құрылыс объектісі, "Тассай" сауда үйі мәжбүрлеп
бұзылды. Сот актісі бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды және
Тараптардың бір - біріне шағымдары жоқ",-деп түйіндеді Дінмұхаммед Оңғар, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң
бөлімінің бастығы
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты