Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.01.2024
Кәсіптік бағдар беру сағаты
«Су
ресурстары-маркетинг» ЖШС-не қаладағы «Дарынды балаларға арналған №1-ші
мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» оқушылары жиі келеді. Бұл жолы
кәсіпорын жұмысымен танысуға жоғары сыныпта биология пәнін тереңдетіп меңгеруші
ұл-қыздар ниет етіпті. Кездесуді ұйымдастырған - «Аманат» партиясы «Тұран»
филиалының төрағасы, кәсіпорын бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаев және
жетекші партия филиалының атқарушы хатшысы Бақтыбай Әліпов. Аға буын жастарға
мамандық таңдауда нық сенім және дұрыс бағыт алудың қажеттігін әңгімеледі.
Кәсіпорында кадрлық резервке, техникалық мамандық иелеріне басымдық беріледі,
олардың кәсіби деңгейде өсіп, ізденуіне мүмкіндік көп. Үшінші мегаполис халқын
ауыз сумен үздіксіз қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуде заманауи
технология, цифрландыру жүйесін ендіру арқылы экологияны жақсарту бағытында да
жобалар қолға алынған. Биология пәнін таңдаған ұл-қыздар өздеріне танымдық
сағаттың ұнағанын, қажетті мәлімет алғанын айтты.
Жания
Жақсымбет 11 сынып оқушысы
Бүгін біз осы мекемеге келіп, мұражайындағы жәдігерлермен
таныстық. Сумен қамту, жабдықтау, кәріз жүйесіндегі жұмыстар қалай іске асатыны
туралы көп мағлұмат алдық. Өте қызық болды. Болашақта ғылыми жұмыстармен
айналысуға талпынамыз.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты