Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.01.2024
Үйіңізде су болмай қалса не істеу керек, қайда
хабарласуға болады?
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері қала тұрғындарын тәулік бойы,
үздіксіз сумен қамтиды. Алайда, кейде тұтынушылар сусыз қалатын кездер болады. Ол неден? Бұл
– әдетте, сумен жабдықтау желілеріндегі апатты қалпына келтіру жұмыстарына
байланысты болады. Мұндай жағдайда, кәсіпорынның пайдалану қызметі судан
ажыратылған үйлердің тұрғындарын ескерту жібереді. Апатты жөндеу жұмыстарын
жүргізу туралы ақпарат бірінші кезекте бірден "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне түседі.
Сондықтан, су болмай қалған жағдайда алдымен кәсіпорынның диспетчеркі қызметіне
хабарласыңыз. Нөмірлері: 8 (7252) 321-274; +77081102121 (whatsapp). Сондай-ақ,
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әлеуметтік желілердегі аккаунттарына
немесе +77057581111 нөміріне whatsapp арқылы хабарласа аласыз.
Қаперіңізде жүрсін!
Егер пәтеріңіздің су құбыры желісін жөндейтін болсаңыз, алдымен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарласып, үйде(кіреберісінде) су беруді уақытша тоқтату туралы өтініш беруіңіз керек. Келісілген уақытта кәсіпорын қызметкерлері суды өшіріп, жөндеу жұмыстарының сапасын тексереді және жөндеу аяқталғаннан кейін үйіңізге суды қайта қосады.
Шымкент қаласының кейбір аудандарында, қала аумағына қосылған елдімекендерде, жаңадан бой көтерген шағынаудандарда су құбыры және кәріз желісі "Су құбыры мен кәрізді басқару" МКК-ның теңгерімінде(балансында). Сондықтан, апатты жағдайлар туындаса, су болмай қалса, қысымы төмендесе, осы мекемеге хабарласу қажет. Аталған мекеменің қызметкерлері су құбырлары мен кәріз желісінің пайдалануға жарамдылығына жауап береді. "УВиК" МКК диспетчерлік қызметінің телефоны": +77078198681+ 8(7252) 561-010.
Су желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары басталса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі тұтынушыларды үш күн бұрын хабардар етеді. Тұтынушыға ыңғайсыздық тудырмау үшін, мұндай жұмыстар, негізінен түнгі уақытта жүргізіледі.барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты