Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.01.2024
Атқарылған жұмыс актісінен соң жол жабынын қалпына
келтіру
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы сумен қамту, кәріз желілеріндегі
апатты қалпына келтіру немесе жөндеу жұмыстарынан соң асфальтты жол қабатын
ретке келтіру барысына баса назар аударады. Қыстаыгүні кәсіпорынның пайдалану
қызметі жолдар мен тротуарлардың бүлінген учаскелерін жүргізушілер мен жаяу
жүргіншілерге ыңғайлы етіп бейімдейді – қиыршық тас қоспасын төгіп, плита төсейді.
Жол жабынын толық қалпына келтіру көктемде басталады. Сарапшылардың
нақтылауынша, күзде және қыста ыстық асфальт төсеу қисынсыз, оның пайдасы аз! Мәселенің
барлығы сол үстіңгі қабатты төсеу технологиясының бұзылуында. Төмен
температуралық режим және жоғары ылғалдылық асфальттың тегістігі былай тұрсын, жарылуына,
жолдың тез бұзуылуына әкеп соғады.
Кәсіпорынның
орталық диспетчерлік қызметінде сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі
барлық авариялық жағдайлар тіркеліп, есебі жүргізіледі. Күзгі-қысқы кезеңде жол
жабыны зақымдалған орындар қалпына келтіру жұмыстарының арнайы кестесіне
енгізіледі.
Ауа-райы жылып,
тұрақтала бастағаннан "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС арнайы бөлімшесі
күзгі-қысқы кезеңде бұзылған жол жабынын қалпына келтіруге кіріседі. Жұмысты
ыстық асфальтты тасымалдауға қауқарлы және асфальт төсегіші, тығыздайтын
жабдықтары бар "Бастион" мобильді кешені істейді. Бригадасында 4 адам бар. Жұмыстар аяқталғасын, құрылыс
қоқыстары да толығымен шығарылады.
Жол жабынын қалпына
келтіру жұмыстары "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызмет көрсететін
барлық аумақта жүргізіледі. Жаз маусымында асфальт жабыны 5 күн ішінде толық қалпына
келтірілуі керек. Жол төсеу бойынша, жабынды қалпына келтіру бойынша сұрақтар
туындаса, +77081102121 (whatsapp) телефоны арқылы "Су ресурстары-Маркетинг"
ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне хабарласуыңызға болады. Сондай-ақ
кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жаза аласыз.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты