Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 30.01.2024
КӘРІЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚАЛАЙ
ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?
"Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не су бұру желілеріне қосылу жолы қандай деген
сұрақ жиі түседі. Біз желіге қосылудың ең тиімді, дұрыс жолын түсіндыруге
тырысамыз және тұтынушы үшін қажетті алгоритмін түсіндіреміз.
Бірден айта кетейік,
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қалада бұрыннан бар желілерді пайдалану
және қайта құру, жөндеуге жауап береді. Яғни, кәсіпорын жаңа желіні салумен
айналыспайды.
Кәріз желісіне қосылу
жөнінде өтініш түссе, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері
абоненттің тұрғылықты жеріне барып, мән-жайды анықтап, тексереді. Сарапшылар
өтініш берушінің желіге қосылу мүмкіндігі бар-жоғын, тұтынушының тұрғылықты
жерінің жанында тиісті коллектор бар-жоғын, ол қосымша көлемді қабылдауға
қабілетті ме? Егер мүмкіндік болса, абонент келесі талаптарды орындауы керек.
1. Су бұру желісіне
қосылуға өтініш береді. Ол үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық
кеңсесіне жүгінуі қажет.
2. Жер учаскесінің
топографиялық түсірілімін, жер учаскесіне қатысты құжаттардың көшірмелерін және
жеке куәліктің көшірмелерін тапсырады.
3. Мекемеден кәріз
желісіне қосылуға қорытынды алуы керек.
4. Берілген қорытындыға
сәйкес жобаны әзірлеу үшін "техникалық шарттарды" алуы қажет("Су
ресурстары-Маркетинг"ЖШС өндірістік-техникалық бөлімі).
5. "Техникалық
шартқа" сәйкес ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) дайындайды.
6. Құрылысты ЖСҚ сәйкес
жүргізуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жұмыс түрлерін жүргізуге
лицензиясы бар ұйым ғана істей алады.
Құрылыс жұмыстарынан
кейін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қоғамдық қабылдау бөлмесіне
кәсіпорынның автоматты басқару жүйелерінің дерекқорына(кәріз желісінің болуы)
өзгерістер енгізу үшін және тұтынылған қызмет үшін есеп айырысуға қажетті
құжаттар пакетін (техникалық шарттар мен кәріз желісіне қосылу туралы актіні)
ұсынуы қажет.
Назар аударыңыздар!
Жобалау және құрылыс жұмыстары абонент есебінен жүргізіледі.
Жеке секторда көшелерді
кәріз желілеріне қосуға қатысты тағы бір маңызды мәселе бар. Шымкенттегі кей
көшелерде канализация жүргізілмеген,
тұрғындар желіні жылдап күтуде. Кәсіпорын жаңа желілер салумен
айналыспайтынын тағы да ескертеміз. Бұл мәселені шешу үшін тұрғындарға қала
әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұжымдық хат жазу
керек.Мамандар жіті қарастырып, егер техникалық шарттарға сәйкес, сол көшелерде
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС балансында тұрған кәріз коллекторына
қосылу мүмкіндігі бар болса, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Басқа жағдайда жаңа
кәріз желісін күтуге тура келеді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты