Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.01.2024
Су есептегіш құралдарын уақтылы тексертіңіздер!
Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау саласы
бойынша қолданыстағы заңнамасына сәйкес, есептегіш құралдарын тексеру немесе
алмастыру белгіленген аралық интервалда – тиісті мерзімде жүргізілуі керек. Тексеру
5 жыл сайын жүргізіледі. Қызмет көрсетуші мекеме, яғни «Су
ресурстары-Маркетинг» ЖШС тұтынушыға тексеру мерзімінің таяп қалғанын ескертіп,
30 күн бұрын арнайы хабарлама тапсырады. Ескерту қағазын су құбыры шаруашылығы
қызметін есепке алу жөніндегі инспекторлары береді. Осы хабарлама қағаздарына
немқұрайлы қарамай, тексеру қызметіне
лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындарға хабарласуыңызды сұранамыз.
Естеріңізге сала кетейік, егер есептегіш құралы тексеру процедурасынан өтпесе,
ол пайдалануға жарамсыз деп танылады - оны ауыстыру керек.
Егер тұтынушы «суды есептеу құралын тексеру керек»
деген хабарламаны елемесе, 30 күн ішінде
тексертпесе, кәсіпорынның техникалық талаптарының орындалмауына байланысты, ҰЭМ
2019 жылы 24 маусымда бекіткен үлгілік шарттың 21-тармағына сәйкес, «сумен
жабдықтау барысында аспап болмаған деп есептеледі және коммерциялық тіркеуден
алынып тасталады».
Сумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызмет ақысы
Шымкент қаласы әкімінің 31.07.2023 ж. № 1895 "тұтынушыларға газбен жабдықтау,
электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналды қызметтерді тұтыну
нормаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, коммуналды қызметтерді тұтыну
нормасы бойынша есептелетін болады. Нақтыланған мерзім өткеннен кейін суды
есептеу құралы болмаған кезде қызмет көрсету шартының 8-тармағының 6-тармақшасы
және Қағидалардың 30-тармағының 3-тармақшасындағы талаптарына сәйкес, су беру
тоқтатылады, бұдан кейін мекеме тұтынушымен келісім-шартты тоқтатады.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты