русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 05.02.2024

Жергілікті тазарту қондырғылары дегеніміз не?

Шайынды суды қабылдау ережелеріне сәйкес, жергілікті тазарту қондырғылары (ЖТҚ) дегеніміз – сол елдімекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын шайынды су тазартуға арналған тұтынушының құрылғылары мен қондырғылар жиынтығы.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі ескертеді: егер сіздің кәсіпорныңыздан зиянды қалдықтар шығарылатын болса және сұйық қалдықтарды орталықтандырылған кәріз желісіне тастайтын болсаңыз, жергілікті тазарту құрылғыларын орнатуыңыз қажет. Жергілікті тазарту қондырғылары орталық кәріз желісіне зиянды және улы заттардың түсуіне тосқауыл бола алады.

Қондырғыларды орнату Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен және ҚР Су кодексінде қаралған(92-4-бап. Елдімекендердің су бұру жүйелері): "Елді мекендердің су бұру жүйесіне жеке дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шайынды суы мынадай шарт бойынша қабылданады:

1) елдімекендердің су бұру жүйесіне шайынды суды қабылдау ережелеріне сәйкес, олардың құрамында зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы көлемі талаптарға сәйкес болуы керек. Сарқынды су құрамы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздерінің жергілікті құрылғыларында тазартуға міндетті".

 Көп кәсіпкерлер кәріз желісін пайдаланудың белгіленген нормалары мен ережелерін сақтау керектігін түсінеді, дегенмен, талаптарды елей бермейді. Кәсіпкер өз нысанында сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетуге арналған техникалық шартта, үлгілік шартта нақты көрсетілген жергілікті тазарту құрылғыларын орнатпаса немесе оны істеуден бас тартса, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметін тоқтатуға және мәселені сот тәртібімен шешуге құқылы.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС жергілікті тазарту қондырғыларын сатып алғанда, оларды тиімді пайдалану үшін мамандармен кеңесіп, жергілікті тазарту құндырғыларының сертификатын ескеруді ұсынады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары