Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 06.02.2024
2024 жылғы 6 ақпан күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды
реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушыларды қабылдау өткізді. Бұл қоғамдық қабылдау
әдеттегідей, виртуалды режимде өтті. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook
әлеуметтік желісіндегі аккаунтында коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қоюға
мүмкіндік алды. Қабылдауға коммуналды қызмет түрлерін жеткізушілердің, қоғамдық
және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, модератор Шымкент қаласы бойынша ТМРКД
басшысы Кенжеболат Көшекбаев болды. Қоғамдық қабылдау барысында Табиғи
монополияларды реттеу департаментінің 2023 жылғы қызметі туралы айтылды.
Кенжеболат Көшекбаев коммуналды қызмет көрсетушілердің әлеуметтік желілерде
жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып, осы бағыттағы жұмысты күшейтуге
шақырды. Тікелей эфир барысында модератор тұтынушылардан түскен бірнеше
сұрақтарға жауап берді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметі бойынша
сұрақтар түскен жоқ. "СРМ" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса,
кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунттарына
хабарласуға болады, сондай-ақ +77057581111 нөміріне, Whatsapp арқылы да жаза
аласыз.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты