Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.02.2024
Үй ішілік желілерде
кәріздің бітелуі тұрғындардың бас ауруына айналған мәселе
Үйдегі кәріз
желілерінің бітелуі мәселесі көпқабатты үй тұрғындары үшін үлкен проблема екені
анық. Жақында "Критика Шымкента" Instagram-паблигінде осы тақырыпқа
байланысты материалдар жарық көрді. Қала тұрғындарының бірі үйінің жанындағы
кәріз желісін тазартып жатқанын бақылаған. Бұл көп тұрғындар үшін өзекті
мәселе. Кәрізге қоқыстың кез-келгенін төге салатын, тастай салатын немқұрайлы
көршілермен не істеуге болады? Желінің бітелуі мәселесін қалай шешуге болады,
оның жолы бар ма? Желі бітелсе,
жертөлені су басады(және бұл үй іргесінің құздануына әкелуі мүмкін),
антисанитария болады, ал ең бастысы, үй тұрғындарының қалтасын қағады.
Негізі, үйдің ішкі
желілерін қадағалау, оның ішінде кәріз желісіндегі бітелуді болдырмаудың ең
тиімді шешімі - көп қабатты үйде өзін-өзі басқару органын құру қажет. Бұл шешім
екі бірдей маңызды мәселені шеше алады. Біріншіден, үй тұрғындарына кәрізді
пайдалану ережелерін сақтау туралы
үздіксіз түсіндіру жұмыстары жүреді. Басты мақсат – тұрғындардың мүддесі. Ал,
екіншіден, су бұру желілерінде жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізіп,
жөндеумен айналысатын сервистік компаниямен келісім-шарт түзіледі.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты