русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 16.02.2024

Кәрізге түсетін қоқыс тазарту қондырғыларының жұмысына қалай әсер етеді?

Шымкенттің барлық шайынды суы тазарту құрылғылары кешеніне құйылады. Ол қалдық бірінші кезеңде механикалық тазартудан өтеді. Қабылдау камерасында арнайы жабдықтар мен шайынды су көмегімен кәрізге түсетін барлық зат сүзгіден шығарылады. Осы процестің өзінде  шымкенттіктердің су бұру жүйесін қоқыс тастайтын құбыр көретінін байқау қиын емес.

«Қондырғылар тормен жабдықталған, олар үлкен, кішірек көлемдегі қоқысты іріктеп сүзуге, шайынды судан қатты қалдықты ажыратады", - дейді тазарту қондырғылары кешенінің шөгіндіні өңдеу цехының бастығы Игорь Гасанов.

Шайынды судан сүзілген қоқыс трактор арбаларына тиеледі – бір реттік көлемі 4 текше метрді құрайды. Мамандардың айтуынша, арба шамамен үш күнде толып қалады. Осыдан-ақ кешенге қоқыс толы шайындының қаншалықты тез жиналатынын аңғаруға болады. Қоқыстың түр-түрі шығатын шайынды қондырғылардың жұмысына кері әсер етеді.

"Мұнда не келмейді десеңізші?! Памперстер, түрлі гигиеналық заттар, тіпті, құлақ тазалайтын таяқшаларды көп тастайды және басқа да тұрмыстық қатты қоқыстар көп. Кейбір ұсақ темірлер, заттар  жабдықтарды бұзады, кейбір құрылғылар оған шыдас бермейді. Сорғылар  бітеліп қалады, сөйтәп әстен шығады. Нәтижесінде тазарту құрылғылары кешенінің әкімшілігі жаңа жабдықты жөндеуге немесе жаңасын сатып алуға мәжбүр болады. Шығындаламыз, бір сөзбен айтқанда».

Тазарту құрылғылар кешенінің мамандары қала тұрғындарын кәріз желісін дұрыс пайдаланып, оған қатты-тұрмыстық қалдықтарды, гигиена заттарын, жануарлардың ішек-қарнын, басқа да қалдықтарын тастамауды сұранады. Қаланың инженерлік инфрақұрылымына мұқият болыңыздар!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары