Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің ыңғайлылығы
үшін
Өткен демалыс күндері жауын-шашын алдында "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС арнайы қызметінің мамандары сумен жабдықтау және
су бұру желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілген жерлерді уақытша қалпына
келтірген болатын. Ол үшін бетон жабыны қолданылды. Мұндай жұмыстар Момышұлы
көшесі №25, Байтұрсынов көшесі 35, Иляев 4, Иляев 66, Тәуке хан даңғылы мен
Елшібек батыр көшесінің қиылысы, Лихачев көшесі, Дулатов көшесі, Қисық
өткелінде, Қарасу шағынауданы және 18 шағынауданында, тұтынушылардан түскен 13
шақты өтініш бойынша істелді. Тағы да ескерте кетейік, бұл - уақытша жөндеу,
техникалық талаптарға сәйкес келетін асфальт төсеу жұмыстары ауа-райы
тұрақталып, күн жылынғанда басталады, күрделі жөндеу сол кезде толыққанды
жүргізіледі.
«Су ресурстары-Маркетинг», Қазақстан Республикасы, 160013, Шымкент қаласы, Ғ.Орманов көшесі, 17 Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574 Жедел желі: 321-275 Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180 Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252) Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95 Facebook: Су ресурстары-Маркетинг whatsapp: 8-708-110-21-21 Telegram чат бот: wrm_bot