Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.02.2024
Астанада "Global water" атты су
технологиялары мен ресурстары бойынша 1-ші халықаралық форум өз жұмысын
бастады.
Маңызды басқосуға ұлттық министрліктердің өкілдері
қатысады: су және ирригация, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар,
құрылыс және өнеркәсіп министрлігінің басшылары. Сондай-ақ, халықаралық
сарапшылар, қаржы және инвестициялық ұйымдардың өкілдері, заманауи жабдықтарды
ұсынушылар арнайы шақырылған.
Форумның лейтмотиві - ауыз суды ұқыпты, үнемді
пайдалану, тазартылған ағынды суды қайта пайдалану, суды үнемдеу
технологияларын енгізу. Мамандардың болжамынша, 2040 жылы Қазақстанда ауыз су
тапшылығы айтарлықтай деңгейге жетуі мүмкін.







