Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.02.2024
Су ресурстарын тиімді басқару қажет
Қазақстанда су тапшылығы проблемаларын шешудің
бірден-бір жолы -Өңірлік су ресурстары
бассейндік басқармаларын құру керек, - деп есептейді су ресурстары саласының
сарапшысы Болат Есекин. Бұл туралы ол "Global water"су технологиялары
және ресурстар форумында мәлімдеді. Себебі, пайдаланушы тараптар та да су
ресурстарын тарату және үнемдеуге тікелей араласуы қажет. Яғни, аталған
процеске экологтар, сушылар, энергетиктер, агроөнеркәсіп секторының өкілдері,
яғни су ресурстарын пайдаланушылардың барлығы қатысуы өте маңызды.
Сарапшы өз сөзінде су ресурстарының жай-күйіне үш
фактордың теріс әсер ететінін де атап өтті: оларды тиімсіз пайдалану,
трансшекаралық өзендер арқылы су ағынының азаюы және мұздықтардың еруі.
Сонымен қатар, Болат Есекин көпшілікті Балқаш су
бассейнін сақтап қалуға баса назар аударуға шақырды. Қазіргі уақытта оның
жойылып кету қаупі бар және бұл - Арал трагедиясымен бірдей жойқын апаттың бірі
болуы мүмкін.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты