русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 25.02.2024

Тіркелген тұрғындар туралы мәліметтер бойынша актуалды сауалдардың жауаптары

Egov.kz порталында көрсетілетін тізімге менімен бірге тұратын балаларымның кейбірі енбей қалған. Мұндай жағдайда не істеуім керек?

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ нақтылғанындай, 2020 жылдан бастап, 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жеріне тіркеу тоқтатылған. Сондықтан, ата-аналар мәліметтерді енгізгенде  өздерімен бірге тұратын балаларының "Туу туралы куәліктерін"  тіркеуі керек. Осы мәліметтер есептеу жүргізілгенде ескеріледі.

                                     

Бір жерде тұрып, басқа жерде тіркелген болсам, не істеуім қажет?

Қазақстан Республикасының Заңын орындауыңыз керек. Яғни, тұрғылықты жеріңізге уақытша тіркелуіңіз қажет. ҚР Заңнамасы бойынша, уақытша тіркелу міндетті, себебі тіркелу жауапкершілігі "Көші-қон туралы" Заңымен бекітілген, ал тәртібі "Ішкі көшіп-қону ережелерінде" көрсетілген; бұл ережелерді сақтамау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейді.

Қазақстанда уақытша тіркелу талабы - тұрғылықты мекенжайын ауыстырып, басқа қалаға/елдімекенге 1 айдан көп уақытқа көшкен азаматтарға қойылады. Өз тұратын жерін 30 күннен көп уақытқа ауыстыратын азаматтар 10 күн ішінде жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелуі керек. Егер коммуналды қызмет ақысының мөлшері тұрғындар санына байланысты есептелетін болса, жаңа тіркеу де мөлшеріне әсер етеді.

 

Қаладағы пәтердің иесі өзім және осында тіркеудемін. Өзімнің меншігімде саяжай да бар, бірақ онда ешкім тіркелмеген. Бұндай жағдайда не істеу керек?

Сіздің тұрғынжайыңызда басқа ешкім тұрмаса, тіркеуге алынған азаматтар туралы мәліметтерде тек саяжай иесі алынады. Соған байланысты, төлемақы мөлшері де адам санына қарай есептеледі. Ал егер, меншік иесі саяжайға басқа да жаңа тұрғындарды уақытша тіркеп, "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС-не ресми түрде мәліметтер берсе, төлем мөлшері туралы мағлұматтар да өзгереді.

 

Ал пәтер жалдап тұратындар не істейді?

Заң талабына сәйкес, үй/пәтер иесі баспанасын жалдап тұратындарды уақытша тіркеуге алуы тиіс. Және тіркеуге алған тұрғындар туралы мәліметтерді "Су ресурстары-маркетинг" ЖШС-не тапсыруға міндетті.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары