Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.02.2024
2024 жылғы 27 ақпан күні «AMANAT»
партиясы Шымкент қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы өкілдері «Су
ресурстары – Маркетинг» бастауыш партиясының мүшелерімен кездесті. Мәжілісті
ТҰРАН аудандық партия филиалының төрағасы Абзал Зейнетаев жүргізді. Онда КПК
атқарылып жатқан жұмыстары жайлы мәлімет тыңдалып жан-жақты талқыланды.
Баяндамашыға КПК ның жұмыстары бойынша сұрақтар қойылып, нақтылай жауаптар
берілді. «Су ресуртары – Маркетинг»
бастауыш партия ұйымының төрағасы
Әбдібек Тәңірбергенов қорытынды тілегін білдірді.
Мәжіліс соңында бастауыш партия ұйымының еңбек озаттары «AMANAT»
партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.М. Нарымбетовтың Алғыс хатымен
марапатталды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты