русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 28.02.2024

Шымкент жастары қатысқан ақпараттық тур

Шымкенттіктер тұтынатын ауыз су қалай өндіріледі және біз пайдаланатын су қаншалықты қауіпсіз? Осы сұрақтарға жастар ресурстық орталығының мүшелері жауап алды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері арнайы экскурсия ұйымдастырып, қаладағы колледж және мектеп оқушыларын тұрғындар үшін істеліп жатқан жүйелі жұмыстармен таныстырып, ең маңызды ресурсты үнемдеп бағалау қажеттігін түсіндірді.

Керімбек Ағабаев  "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Өндірістік техникалық бөлімінің инженері

"Қаламызда барлығы 5 су қабылдағыш орындары бар. Ең үлкені – Ақбай-Қарасу су қабылдағышы. Оның жалпы жобалық қуаты - жылына 75 миллион текше метрге жетеді. Бірақ мемлекеттік лимит бар, бұл - жылына 60 миллион текше метр. Қазір қала аумағы кеңейіп, халық саны көбейіп жатыр, жаңа шағынаудандар көбеюде – осыған байланысты, біз лимитті толық пайдаланып отырмыз. Ақбай-Қарасу су алабында жылына өндірілетін су көлемі 55 миллион текше метрге дейін жетті".

Жастарға судың қалай өндірілетіні, оның санитарлық қауіпсіздігі қалай бақыланатыны да көрсетілді. Кәсіпорынның сынақ зертханасының қызметкерлері  ұңғымадан үздіксіз сынама алып отырады. Ең маңыздысы, қалаға жіберілетін ауыз су арнайы станцияда дезинфекцияланады, автоматтандырылған жүйемен құбырларға натрий гипохлориді қосылады. Яғни, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС суды зарарсыздандыру процесінде сұйық хлорды пайдаланудан әлдеқашан бас тартқан.

Қазына Аманова  № 132 мектеп оқушысы

"Бүгін біз" Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС орталық диспетчерлік қызметінде және ең үлкен су қабылдағышында, қалаға су тарататын орында  болдық. Онда бізге ауыз судың қалай өндірілетіні, оның қалаға қалай жеткізілетіні және су құбыры желілері бойынша таратылатыны көрсетілді және айтылды. Менің ойымша, бұл әркім білуі керек пайдалы және қажетті ақпарат".

Шымкенттік жастар нысандардағы әр маманға сұрақтарын қойып, жан-жақты мағлұматтарға қанықты. Ең бастысы, табиғаттан алынған маңызды ресурс - ауыз суға өте мұқият қарап, үнемдеу керектігін түсінді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары