Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 03.03.2024
Құмның көбеюі қиындық тудыруда
Шымкенттің кәріз-тазарту құрылғылары кешеніне
құйылатын шайынды су механикалық тазартудың үш кезеңінен өтеді. Біріншісінде –
құм сүзіледі, себебі, биологиялық тазартудан алдын құмды алып тастау керек. Бұл
тұста да күрделілік бар, кешенге тек тұрмыстық шайынды су ғана құйылмайды.
"Жауын-шашын, қар суы, жолдар мен тротуарлардан
кәрізге құйылады, түптеп келгенде осы тазарту құрылғылары кешеніне келеді. Құм
сүзгіштеріміз күшейтілген режимде жұмыс істейді, сол себепті, бұл жабдық ұзақ
уақытқа шыдамайды, яғни бізге қосымша шығын деген сөз", - дейді кешен
шөгінділерін өңдеу цехының бастығы Игорь Гасанов.
Құмның шамадан тыс мөлшерде түсуінен туындайтын тағы
бір мәселе бар. Артық құм, тас биогаз орнату барысына да орасан қауіп
төндіреді. Мамандардың айтуынша, бұл өз кезегінде айтарлықтай үлкен проблема
тудырады.
"Құм
сүзгіштері шамадан тыс жүктемеге шыдас бермейді, өйткені ол тұрмыстық шайынды
суды тазартуға арналған. Оған қоса, қар мен жаңбыр суын қабылдаймыз. Яғни, құм
мөлшері артқан сайын кешенде көп қиындық туындайды. Құмның белгілі бір бөлігі
бастапқы тұндырғыштарда сүзіледі. Ары қарайй шөгінділермен бірге метантенктерге
түседі. Нәтижесінде сол метантенктердің төменгі бөлігі қатып қалады, оларды
мерзімінен бұрын тазалауға тура келеді, бұл миллиондаған шығынды әкеледі", - дейді Игорь Гасанов.
Кешен мамандары Шымкент қаласында жауын-шашын суына
арналған кәріз жүйесі мен жеке тазарту құрылғылары салынуы қажет деп есептейді.
Бұл бірнеше мәселені шешер еді. Нәтижесінде, қолданыстағы кешенге түсетін
жүктеме азаяды және қала үшін суармалы су қоры пайда болады.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты