Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 05.03.2024
Тұтынушылардың сұрақтарына жауап беру үшін
2024 жылғы 5 наурыз күні ҚР ҰЭМ Табиғи
монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті
рет онлайн форматта тұтынушыларды
қабылдау сағатын өткізді. Қала тұрғындары Департаменттің Facebook әлеуметтік
желісіндегі аккаунтында коммуналды салаға қатысты сұрақтарын қойды.
Қабылдауға коммуналды қызмет түрлерін жеткізуші
мекемелердің, қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері қатысты, модератор
Шымкент қаласы бойынша ТМРКД басшысы Кенжеболат Көшекбаев болды.
Департамент басшысы коммуналдық қызмет көрсетуші
кәсіпорындардың әлеуметтік желілер арқылы жүргізетін жұмыстары туралы айтты.
Бұл бағыттағы жұмысты күшейту керектігін ескертті. Тікелей эфир барысында
модератор тұтынушылардан түскен бірнеше сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ол
қатысушыларға қазіргі уақытта департаменттің "Су
ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы бойынша
құжаттарын зерделеп жатқанын айтты.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты