Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.03.2024
2024 жылғы 12 наурыз күні "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне тұтынушылардан кәріз желілерінің бітелуі туралы 10 өтініш түсті. Жауын-шашынның мол болуынан қаланың жолдары мен тротуарларын бойлап аққан қоқыстар да дренаж жүйесіне түсті, бұл да желінің бітелуіне себеп болды. Жаңбыр суының салдарынан кәріз желілеріне түсетін жүктеме арта түседі. Бұдан келіп Шымкенттің ағынды су тазарту құрылғылары кешені өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді. Жаңбыр суы саз бен құмды да ағызады, бұл кешеннің жабдықтарына зақым келтіреді, соның салдарынан маңызды тораптар мен қондырғылар мерзімінен бұрын тозады. Қаланың кәріз жүйесі мен тазарту құрылғыларының кешені тек шаруашылық-тұрмыстық ағынды суға арналған. Ал жауын-шашын суы ирригация желісімен келіп, осы мақсатқа арналған тазарту қондырғыларында өңделуі керек.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.5%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.4%
Төлемегеніме көп уақыт болды
19.1%
барлық дауыс: 5194
дауыс мұрағаты