Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.03.2024
Өткен демалыс күндері Шымкентте автомобиль жолдары мен тротуарлардың бірнеше учаскелері қалпына келтірілді, су құбыры және кәріз желілеріндегі авариялық-қалпына келтіру кезінде олардың жабыны бұзылған болатын. Пайдалану қызметінің мамандары Беткей (Түркістан ш/а), Жолдасбеков, Елшібек батыр көшесінің Тәуке хан даңғылымен және Мичурин көшесімен қиылысында асфальт қабатын төседі. Жұмыстар ары қарай да арнайы кесте бойынша жүргізіледі, жолдар мен тротуарлардың бұзылған учаскелерінің барлығы қалпына келтіріледі.






